17.03.2023 жылы "Балапан" ортаңғы тобында "Қош келдің, әз Наурыз" атты ертеңгілігі өткізілді. Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт - дәстүр, әдет - ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата - бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт - дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт - дәстүрді, мұраларды танып - білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой - қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.
Тәрбиешілер: Нұралы Б.С., Абдуллаева Р.Т.