16.01.2023 жылы "Қарлығаш" кіші тобында " Мен. Менің отбасым" апталығы аясында "Мен. Мен дүниеге келдім" атты фотоколлаж көрмесін тәрбиеші Б.О. Лайысова ұйымдастырды .
Мақсаты: Балалардың бойында "отбасы" деген түсінікті қалыптастыру, патриотыққа тәрбиелеу .
Кіші топ балалары ата-аналарымен бірге істеген фотосуреттер, фотоколлаж, буклеттер алып келді. Топта отбасылық құндылықтар жайлы айтылып, әр өсу кезеңдеріне тоқталып, отбасы мүшелері, рөлдері жайлы талқыланды.