Жазғы сауықтыру кезеңі барысында «Арман» бөбекжайы КМҚК-да консультациялық пункті педагог-психолог К.С.Балбазарова ата-аналармен кездесулер өткізіп, балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес дамуы, мінез-құлқы, эмоциялық жай-күйі, қарым-қатынас дағдылары мен тәрбиелеу әдістері бойынша кеңестер берді. Сонымен қатар, ата-аналарға баланың жеке қабілеттерін анықтау және дамыту, мектепке дейінгі дайындық деңгейін бағалау сияқты маңызды мәселелер бойынша да ұсыныстар ұсынылды. Бұл шаралар ата-аналардың психологиялық-педагогикалық сауаттылығын арттырып, бала дамуына оң әсер етуге бағытталды.
КМҚК «Арман» бөбекжайында педагог-психологпен бірге кеңес беру пунктінің қараша айының жұмыс жоспарына сәйкес ата-аналармен кездесу өткізілді. Ата-аналарға арналған ескертпелер таратылып, балалармен ойындар ойнатылды. Балабақша жасындағы балалардың дамуы өте динамикалы және жеке басына тән ерекшеліктермен сипатталады. Әр балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың психологиялық және эмоционалдық жағдайын қадағалауға, дамуын қолдауға және проблемалардың алдын алуға қажет. Балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, олардың дамуын қолдайды, қиындықтарды шешуге көмектесу. Әр баланың дамуы жеке, сондықтан бақылау мен кеңес өте маңызды.
Психолог: Балбазарова К.С.
КМҚК «Арман» бөбекжайында педагог-логопедпен бірге кеңес беру пунктінің жұмыс жоспарына сәйкес ата-аналармен кездесу өткізілді. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған логопедиялық ойындар сөйлеу дамуын ынталандыруға және жетілдіруге бағытталған. Олар ойын арқылы дыбыстарды дұрыс айтуды, лексиканы байытуды, сөйлеудің грамматикалық құрылымын меңгеруді және сөйлеу тілін дамытуды қамтамасыз етеді.
Ойындардың түрлері әр алуан:
- Дыбыстарды ажыратуға арналған ойындар: (мысалы, суреттерді таңдау, дыбыстық анализ және синтез жаттығулары)
- Дыбыстарды айтуды автоматтандыруға арналған ойындар: (тіл бұрмалауыштар, жұмбақтар, ертегілер)
- Сөздік қорды байытуға арналған ойындар: (суреттермен жұмыс, сөз ойындары, сипаттау)
- Грамматиканы меңгеруге арналған ойындар: (сөйлем құрастыру, сұрақтарға жауап беру)
Ойындар баланың жас ерекшеліктеріне және сөйлеу даму деңгейіне сәйкес таңдалуы тиіс. Олар қызықты және тартымды болуы керек, сонда бала ойын барысында шаршамайды және белсенді қатысады. Логопедпен бірлесе отырып, үйде де ойнауға болатын ойындарды таңдап алуға болады.
Педагог-логопед: Төлепбергенова Ж.М.
Ата-аналарды келісім шартпен таныстыру.
http://arman-zhez.1-bilim.kz/ke-es-beru-punkti.html#sigProId2d2e61c074
«Баланың денсаулығы біздің қолымызда»
- Салауатты өмір салты дегеніміз не?
- Күн тәртібінің маңызы, шыңығу;
- Бала денесінің қимыл қажеттілігі;
- Дұрыс тамақтану құпиялары.
Кеңес беру түрлері: консультациялар, ұсынымдар, практикалық сабақтар, шеберлік-сыныптар.
Жауапты маман: Медбике -Молдашева С.С.
Кеңес беру мерзімі: Қыркүйек айы.
http://arman-zhez.1-bilim.kz/ke-es-beru-punkti.html#sigProId51767aae9e
Хабарландыру
Сіздің балаңыз мектепке дейінгі ұйымға барады ма?
Егер жауап "жоқ" болса, бұл ақпарат сізге арналған!
Сіздер үшін арнайы Біздің балабақша базасында КЕҢЕС БЕРУ ПУНКТІ өз жұмысын бастайды, оған хабарласып, сіз біліктілігі бар мамандардың: меңгерушінің, әдіскердің, тәрбиешінің, педагог-психологтың, педагог-логопедтің, музыка жетекшісінің, қазақ тілі мұғалімінің, медбикенің тегін көмегін ала аласыз.
Мамандар сіздің балаңыздың даму ерекшеліктерін анықтауға көмектеседі, құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынас мәселелерін шешуге көмектеседі. Кеңес беру пунктіне жазылу үшін мына байланыс нөміріне және сайт арқылы кері байланысқа шығуға болады: 8 7102 41-07-10, https://sad-arman-zhez.rka.kz/ru/
«Үйде және МДҰ дамытушы орта»
КМҚК «Арман» бөбекжайында 20.05.2024 жылы «Кеңес беру пункті бойынша» логопед-дефектолог Ж.М.Төлепбергенова ата-аналармен және балалармен «Үйде және МДҰ дамытушы орта» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шарада баланың сөйлеуі айналадағы адамдардың сөзіне еліктеу арқылы дамитыны, ата-аналар балалары үшін ана тілінің алғашқы ұстаздары болып табылатындығы туралы талқыланды. Баланың сөйлеу тілін үй жағдайында дәстүрден тыс заттарды қолдану арқылы дамыту. Ұсақ қол мен ірі моториканы дамытуға арналған ойын түрлері көрсетілді. Ата-аналар мен балалар белсенді түрде қатысып, нейро жаттығулар, логоритмикалық және сенсорлық ойын түрлері мен тыныс алу және артикуляциялық жаттығуларды орындады.
http://arman-zhez.1-bilim.kz/ke-es-beru-punkti.html#sigProId53693cefb4
№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІММЕН ҚАМТЫЛМАҒАН БАЛАЛАРДЫҢ (1-2 ЖАС) АТА-АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТТЕР ҚҰРУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР | DOC |
2 | Жұмыс жоспары | |
3 | Кеңес беру уақыт | |
4 | Нұсқаулық | |
5 | Приказ | |
6 | Үйде және МДҰ дамытушы орта | |
7 | КП ақпарат | |
8 |
КП жоспар
|
|
9 |
КП
|
|
10 |
КП мамандардың жұмыс жоспары
|
|
11 |
КП нұсқаулық
|
|
2024-2025 оқу жылына арналған кеңес беру пунктінің жұмысы туралы бұйрық
|
||
Норматитік құжаттар КП
|