oC

18.01.2023 жылы «Қызғалдақ» ересек тобында «Мен. Менің отбасым» апталығы аясында «Отбасы туралы мақал-мәтелдер» альбомы тәрбиеші Б.С.Нұралының ұйымдастырылуымен өткізілінді.

Мақсаты: мақал-мәтелдер түрлерімен таныстыру, ата-бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету. Сөз өнері арқылы балалардың дүниетанымын кеңейтуге тәрбиелеу. Балалардың ойлау және танымдық қабілеттерін дамыту.