oC

16.03.2023 жылы «Қызғалдақ» тобында «Төрлет, әз Наурыз төріме» атты ертеңгілік өтті. Мерекеге ата-аналар, әріптестер куә болды. Балалар Наурыз жыл басы  әндерін айтып, би билеп батырларды еске алса, қыздарымыз апа-әжелерінің көнеден келе жатқан көрпе құрау өнерін көрсетті. Қонаққа Қыдыр ата келіп батасын беріп, Наурыз әже бесікке салу рәсімін жасады. Ертеңгілік өте көтеріңкі көңіл - күймен аяқталды.