"Асық – көнеден келе жатқан ұлттық ойын. Баланың жастайынан ой-қабілетін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ширақтылыққа, ұстамдылыққа, алғырлыққа, сыйластыққа тәрбиелеген.
"Мақсаты: Балалар мен ересектер арасында асық ойындарын кеңінен насихаттау арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұлттық ойындар арқылы балаларды дәлдікке, мергендікке, ептілікке, әділдікке тәрбиелеу.
"Ұйымдастырушылар: Ұлытау облысының Әдістемелік орталығы
"Қатысушылар: Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің КМҚК «Арман» бөбекжайы» тәрбиеленушілерімен ата-аналары, педагогтары.
"Асық - асыл қазына" челленджін КМҚК "Балбөбек" бөбекжайына жолдаймыз!