02.10.24 ж "Балапан" ортаңғы тобында "Бала тәрбиесі бәрімізге ортақ" атты ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа барлық ата-аналар толық қатысты. Жиналыс жаңа форматта өтті. Ата-аналар 2 топқа бөлініп өз тәрбиешілерін сайлап, тәрбиеші рөлінде болды. Ата-ана мен педагог арасындағы қарым-қатынастың бірден бір кепілі - ынтымақтық екенін мұнара жасауда көрсетті. Сонымен қатар ата-аналар өз балаларын есімдерін жазу арқылы сипаттап берді. Жиналыс бір серпіліс бергені ата-аналардың көңіл-күйлерінен байқалды. Мақсаты: бала тәрбиесіне педагог пен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту.