oC

04.10.2024ж "Айналайын" ересек тобында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Ұлттық құндылықтардың бала тәрбиесінде алатын орны" атты ата-аналар жиналысы өткізілді.

Міндеті:

 Отбасы, балабақша, ұлттық құндылықтарды насихаттау және отбасы мен балабақшаның өзара байланысын нығайту.

 Сонымен қатар, жиналыста педагог-психолог маманы Балбазарова К.С. бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі жайында кеңестер берді. Ата-аналармен халық күйі "Әке толғауы" әуеніне оркестр болып әуенді-ырғақты жаттығу ұйымдастырылды.

"5 сұрақ-жауап", "болашаққа хат" тренинг ойыны өткізілді.

Алдағы оқу жылындағы жоспарлармен таныстырылып, топтағы маңызды мәселелер талқыға салынды.

Тәрбиешілер: Лайысова Б.О., Жәмбекова А.Т.