08.10.2024 жылы "Арман" бөбекжайында "Қызыл телпек" ересек тобында тәрбиешілер Оспанова Н.М., Хасанова С. Н. "Білім еліне саяхаттың басталуы"тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.Мақсаты: педагогтар мен ата-аналар арасындағы байланысты нығайту; жаңа оқу жылына өзара іс-қимыл перспективаларын модельдеу; ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру. Ата-аналармен "Менің көңіл-күйім", "Жазда баламды қалай көрдім"ойын жаттығулары өткізілді. Ата-аналар алдағы оқу жылына арналған білім беру процесінің ерекшеліктерімен, Мектепке дейінгі ұйымның жылдық міндеттерімен, "Біртұтас тәрбие"білім беру бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс бағыттарымен танысты."Жомарт күз" шығармашылық көрмесіне белсенді қатысқаны үшін ата-аналар мен балалар құрмет дипломдармен марапатталды.