oC
Байқау облыстық деңгейде сайыс түрінде 4 кезеңнен өткізілді.
I-кезеңде: "Сұңқар" командасы болып топтың атауын, ұранын, өзіндік киім үлгісімен таныстырылды.
II-кезеңде: Өнер сайысына балалар ұлттық нақышта "Жүн сабау" аспапта оркестр болып өнерлерін ортаға салды.
III-кезеңде: "Ойланда тап" сайысында қазақша тілді жақсы меңгергендерін көрсете алды, сұрақтарға қазақ тілінде жетік жауап берді.
IV-кезең: Үй тапсырмасы "Қоян мен түлкі" ертегісін қойылымын жасап, қазақ тілінде әр кейіпкерді сахналай алды.
Балалар мемлекеттік тілге деген құрметті, тіл байлықтарын, қазақ тілін қалай меңгергендігін жақсы деңгейде көрсете білді.
Қазылар алқасының шешімімен "Арман" бөбекжайының тәрбиеленушілері мен жетекшілері БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болды, сыйақымен марапатталды.
18 қазан күні салтанатты марапаттау рәсіміне қатысып диплом, алғыс хат жетекшілерге табысталды. Толығырақ
Жетекшілері: Лайысова Б.О.
Жәмбекова А.Т.