2024 жылдың 12 желтоқсанында «Арман» бөбекжайы» КМҚК «Жұлдыз» ересек тобында «Біз Тәуелсіз Қазақстанның болашағымыз» тақырыбында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған іс-шара өткізілді. Мақсаты: балаларды Қазақстан Республикасымен таныстыруды жалғастыру. Балалардың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы, оның символикасы туралы түсініктерін байыту . «Қазақстан Республикасы» тақырыбы бойынша балалардың сөздік қорын жандандыру және кеңейту. Патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Г.В.Ахметова
Қазақ тілі мұғалімі: Д. Елтайқызы