Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында Ұлытау облысының білім басқармасы Жезқазған қаласы білім бөлімінің "Арман" бөбекжайы КМҚК, 12 желтоқсан "Балапан" ортаңғы тобында "Менің Отаным - Қазақстан!" тақырыбында ұйымдастырылған іс-шара өткізілді. Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларда азаматтық негіздерін қалыптастыру, коммуникативтік дағдыларды дамыту, өз Отанына деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеу.