oC

2019 жылдың 2-қыркүйек күні № 11 «Арман» бөбекжайында болашақ ұрпақты тәрбиелеу мақсатында «білім күніне» арналған ертеңгілік өтті.

Бүлдіршіндерге Білім күні мерекесінің мән-мағынасын ұғындыру, мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында  өткен ертеңгілікті тәрбиеші Карымханова Қ.Н.өткізді. Ертеңгілік өте әсерлі болды. Концерттік іс-шара балабақшаның ауласында болып,мерекеге Дымбілмес кейіпкері кейпінде келген тәрбиеші Оспанова Н.М. көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Бүлдіршіндер ән салып, би билеп, тақпақ айтып өнерлерімен бөлісті.