oC
24.12.2024 жылы Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Арман бөбекжайы» КМҚК «Айналайын» ересек тобында «Шырша шамы жаңа түс» атты жаңа жылдық ертеңгілік өтті.
Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аяз атаның, Ақшақардың, Бармалейдің карнавалдық киімдеріне назар аударту, мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Балаларға қонаққа Ақшақар, Аяз ата және қарақшы Бармалей келді. Балалар өлең айтып, би билеп, ойындар ойнап Бармалейге жаңа жылдың сиқырлы, ғажайып мереке екенін көрсетіп мейірімді етті. Аяз атаға тақпақтарын айтып, ойындар ойнап сыйлықтар алды. Жақсы көңіл-күйде мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды.