oC
25.12.2024 жылы Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің   «Арман» бөбекжайы» КМҚК, «Қызғалдақ» ортаңғы тобында «Қош келдің - Жаңа жыл» атты ертеңгілігі өткізілді.
Мақсаты: балаларға жаңа жылдық мерекелік көңіл күй сыйлау. Залдың ішінің,шыршаның безендірілуіне назарларын аударып, қонаққа келген Аққала, Ақшақар, Аяз атамен бірге өз өнерлерін ортаға көрсетуге баулу.
Балалар мереке барысында жаңа жылдық тақпақтарын,әндерін,музыкалық билерін билеп, Ақшақармен бірге «Қарлы көрпеше»,«Жолды қардан тазалаймыз» ойындары ойнатылды. Аяз атаға арнап тақпақтарын,әндерін тарту етіп,«Сиқырлы таяқ ойынын» ойнатты.
Жаңа жылдық ертеңгілікке балалардың қыздарымыз Ақшақар, ұлдарымыз Аяз ата болып киініп, өз өнерлерін көрсетіп, жақсы көңіл-күймен қатысып Аяз атадан сыйлықтар алды.
Топ тәрбиешісі: Нұралы Б.С.
Музыка жетекшісі: Бородина Л.В.