oC
 14 НАУРЫЗ – КӨРІСУ КҮНІ 
Көрісу күні – халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрлерінің бірі. Бұл күнде адамдар бір-бірімен қауышып, қол алысып, ақжарма тілектерін айтып, амандық сұрасады. Бұл – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін, татулық пен бірлікті нығайтатын ерекше күн.
Бөбекжайымызда осы игі дәстүр ұлықталып, тәрбиеленушілер мен педагогтар бір-бірімен көрісіп, жылы лебіздерін білдірді. Бүлдіршіндерге ақ тілек айтылды. Балалар ата-бабамыздан жалғасқан дәстүрдің мәнін сезінді.
Көрісу – тек амандасу емес, жүрек жылуын бөлісу, мейірім мен сыйластықты арттыру. Осы дәстүріміз ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, халқымыздың бірлігі мен берекесі арта берсін!
 
whatsapp-image-2025-03-17-at-18_47_06