Ежелден жаңарту мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз - Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін. Ел тыныш, туған жер аман болып, арайлап атқан әрбір таң шат көңіл, бақыт және береке сыйласын. Ақ мол, жыл ырысты болсын!
Наурыз айының 16-нан 19-на дейін «Арман» бөбекжайында 22 наурыз мерекесіне орай «Армысың, Әз Наурыз!» мерекелік іс шаралары өтті.
Мақсаты: Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту. Тәрбиеленушілердің ойлауын дамыта отыра, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту. Тәрбиеленушілерді ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.
Балалар белсенді қатысып, өлең айтып, көктем туралы ән айтып, би билеп, "Теңге алу", "Қыз қуу", "Ұшты-ұшты" ұлттық ойындарын ойнады. Мереке қонақтары- Наурызгүл өзінің Әжесімен және дана, қадірлі Қыдыр Ата. Балаларға "қырқыннан шығару" салты-дәстүрі көрсетілді.
Директор Исина Амангуль Тамабаевна тәрбиеленушілерді мерекемен құттықтап, барлығына денсаулық, бейбітшілік, амандық және жақсылық тіледі.
Мереке соңында балаларды тәрбиешілердің дайындаған тәттілері мен бауырсақтары бар қонақжай дастархан күтіп тұрды. Іс-шаралар көңілді, қызықты және қызықты өтті.