Ұлытау облысы Жезқазған қаласы білім бөлімінің Арман" бөбекжайы" КМҚК "Қарлығаш" кіші тобында "Аяулы анашым!" атты 8-Наурыз - Аналар мерекесіне орай ертеңгілігі өтті.
Мақсаты: Аналар мерекесімен бірге күннің нұрын төгіп келген көктем мерекесінің ерекшеліктерін атай отырып, табиғаттың жаңаруын, құлпыруын балаларға жеткізу. Ешқашан аналарын ренжітпеуге,қолғанат болуға, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Балалар "Анашым" әнін шырқап берді.Аналары мен әжелеріне арналған тақпақтарын айтты.
Қонаққа қоян келіп балалармен бірге "Қоян" әуенді ойын ойналды. “Қарлығаш “ кіші тобының атынан Айнамкоз бен апасы Сезім ата-аналарға "Анашым қартаймашы" атты әндерін тарту етті. Балалармен қоян “Кім тез гүл жинайды” ойынын ойнады. Қонаққа аю келді. Аюмен балалар “ Аю - аю тұршы “ биін биледі.
Ертеңгілік соңында Ару көктем келді. Ару көктеммен балалар "Көңіл күй" ән жаттығуын жасады.Ару көктем балаларға дайындаған сыйлықтарын тарту етті.
Тәрбиеші: Қасым Г.М
Сауленбаева А.Т
Қоян рөлін сомдаған: Сауленбаева А .Т
Аю рөлін сомдаған: Дана Елтайқызы
Ару көктем рөлін сомдаған: Ботагөз Оразбекқызы