2019 жылдың 20 қараша күні КМҚК № 13 «Ертөстік» бөбекжайында Қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Зерек» педагогикалық жобасы негізінде қалалық іс-тәжірибелік семинар өтті.
Семинардың мақсаты –«Зерек» жобасын зерттеу және апробациялау мектеп жасына дейінгі және мектепалды тәрбиеленушілерінің зияткерлік және сөйлеу қабілетін дамытуға бағытталған. Семинар 2 бағытта өтті. Мемлекеттік тілде және орыс тілінде. Орыс тілінде өткен семинарға № 1 «Көктем», № 11 «Арман», № 12 «Салтанат» бөбекжайлары қатысты. Әр бөбекжай өздерінде «Зерек» жобасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарын көрсетті.
№11 «Арман» бөбекжай атынан шыққан модератор тәрбиеші Л.З. Еденбаева презентацияны баяндап шықса, тәжірибе бөліміне тәрбиеші Г.В.Ахметова, педагог-психолог Б.М. Зубайдаева, қазақ тілі мұғалімі А.Ж. Мизамбаева қатысты. Әр маман өз саласында балаларды тәрбиелеу мен оқыту қызметінде қолданатын әдіс-тәсілдерін, әр сабақта дене мен ақыл-ойға арналған әр түрлі ойындар мен жаттығуларын көрсетті. Семинар барысында бөбекжай қызметкерлері бір-бірімен іс-тәжірибе алмасты.
https://arman-zhez.1-bilim.kz/bizdi-zh-mys-k-nderi/112-zerek-pedagogikaly-zhobasy.html#sigProIdd9142263bd