03.03.2023жылы «Балапан» ортаңғы тобында 8 наурыз мерекесіне орай «Бүлдірген мен Күлдірген балаларда қонақта!» атты ертеңгілік өткізілді. Ертеңгілік көңілді кейіпкерлердің ата-аналарға арналған қызықты «барабан» ойынымен жалғасты. Ата-аналар барабаннан нөмірленген шарды таңдау арқылы мерекелік бағларманы жалғастырды. Әр шардың нөмірінде балаларымыздың өнерлері көрсетілді. Қызықты нөмірлердің бірі әжелердің немерелерімен өнерлерін көрсетуі, Раяна бүлдіршініміздің әжесі ән айтса, Муслимамыздың әжесі тәтті тоқаштарымен таңқалдырды. Ертеңгіліктің тағы бір нөмірі «бас киімдер» байқауында қыздар қолдан жасалған әсем бас киімдерімен жұртты тамсаңдырды. Ертеңгілік соңында балалар аналарына арналған өз қолдарымен жасаған гүл шоқтарымен құттықтады. Ертеңгіліктің мәнің ашқан кейіпкерлер Күлдірген және Бүлдірген атты клоундар болды. Ата-аналар мен балаларға ертеңгілік ұнады.