oC

1.11.2023ж "Қарлығаш" әртүрлі жастағы балалар тобында "Алтын күз, күн мен бұлтты қалай татуластырды?" атты ертеңгілік өткізілді.
Алтын күз қонаққа келіп, балалардың тақпақтарын тыңдады.Қыздар "Жапырақ" биін әсем билеп, ұлдар " Бұлт" биін алтын күзге тарту етті. Бұлт пен Күн күз мезгіліне тартысқа түсіп, балалармен көңілді би билеп, "Қызыл- сары жапырақ" , "Кап-кап" әндерін бірлесе айта отырып, достық жеңіп алтын күзбен "Достық" биін биледі.
Ертеңгілік соңында балаларға келген кейіпкерлер сиқырлы қолшатыр тәттілерін тарту етіп, балалармен ата-аналарға мадақтамалар табысталды.
Балалар белсене қызыға қатысты.
Тәрбиеші : Лайысова Б.О ; Жәмбекова А.Т.