22.10.2021жылы "Қығалдақ" ересектер тобында өте әсерлі "ЖОМАРТ КҮЗ" атты ертеңгілік өтті. Балаларға қуаныш сыйлаған бұл мерекеде "КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ" қонаққа келіп, балалардың көңілдерін ғажайып әлемге бөледі. Балалар шаттықты, өз сезімдерін өнерлерімен көрсетті. Мереке "КҮЗ", "ОСЕНЬ" әндерімен сыңғырласа, билері күздің ерекше бір құбылыстарын айтқызбай ақ көрсеткендей. Ата аналардың да ерен еңбегі, тәрбиешілердің сенімі ақталғандай....
Бір ғажайып күй кешкендейміз.Тәрбиешілері дән риза. Өз еңбегіңнің берекесін сезіну үлкен бақыт екенін тағы да сезінгендейміз. Келер күз мерекесінде тағы да қауышайық! Еліміз аман ,жұртымыз тыныш болсын!
©"Қызғалдақ" тобының тәрбиешісі Қарымханова Қ.Н., Маменова М.Ш.
https://arman-zhez.1-bilim.kz/novosti-kz/496-zhomart-k-z.html#sigProIdc8b7d42ad7