Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 25 қазанында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арасында ZOOM платформасы арқылы «Бірге оқимыз!» жобасы аясында облыстық WORKSHOP өткізілді. Облыстық WORKSHOP – қа Қарағанды облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің КМҚК «Арман» бөбекжайының» логопеды-Колесникова Ю.Р. қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті. Колесникова Юлия Равильевна «Сөйлеу қабілеті бұзылған мектеп жасына дейінгі балалардың сабақтарында мотивацияны қалыптастыру» атты тақырыпты толық ашып, ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыста ынталандыру жұмыстарын дамыту жөнінде кейбір ерекшеліктерді толық ашып берді. Юлия Равильевна өз ісінің білікті маманы. Аталмыш WORKSHOP-та 380 адамдық ЗУУМ конференциясында өтті. Осы конференцияға әріптесіміз қатысып, өз тәжірибесімен бөліскеніне өте ризамыз. Осы орайда бізді аталмыш конференцияға дайындаған білім бөлімінің әдіскері Шолпан Асановнаға көп алғысымызды білдіреміз және де ұйымдастырушыларға көп рахметімізді айтамыз!
https://arman-zhez.1-bilim.kz/novosti-kz/497-ara-andy-oblysy-bilim-berudi-damytudy-o-u-distemelik-ortaly-yny-jymdastyruymen-a-ymda-y-zhyldy-25-azanynda-mektepke-dejingi-bilim-beru-jymdaryny-arasynda-zoom-platformasy-ar-yly-birge-o-imyz-zhobasy-ayasynda-oblysty-workshop-tkizildi.html#sigProId007407412e