oC

15.06.2022 жылы "Арман "бөбекжайында" КМҚК қызметкерлерімен күдікті зат табылған жағдайда іс-әрекет бойынша оқу теориялық сабақ өткізілді. Барлық қызметкерлер күдікті зат табылған кездегі іс-қимыл алгоритмімен танысты. Бөбекжай директоры А.Т. Исина техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және терроризм актісін жасау қаупі туындаған кезде білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен тәрбиеленушілерінің іс-қимыл алгоритміне сәйкес "күдікті затты табу" тақырыбы бойынша БРИФИНГ өткізді. Барлық қызметкерлерге іс-қимыл алгоритмі бойынша жадынамалар таратылды, олар ТЖ кезіндегі іс-қимылдар бойынша сұрақтар қойды, оларға терроризмге қарсы қорғалу бойынша жауапты адам А. А. Ултыкеева жауап берді.