Төтенше жағдайлар туындаған кезде тәрбиеленушілер мен персоналдың іс-қимыл дағдыларын пысықтау, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 Қаулысы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ эвакуациялау бойынша табысты іс-қимылдарды жүзеге асыру үшін қажетті персоналдың кәсіби және психофизиологиялық дайындығын қазіргі заманғы деңгейде қолдау мақсатында, 16.06.2022 ж. "Арман "бөбекжайы" КМҚК тәрбиеленушілер мен қызметкерлерді эвакуациялау және терроризмге қарсы қауіпсіздік бойынша объектілік жаттығу сәтті өтті.
Оқу-жаттығудың аңызы бойынша музыка залында күдікті зат табылды. 10.01-де балалар мен қызметкерлерді жедел эвакуациялау туралы бұйрық түсті. Мектепке дейінгі ұйым персоналының автоматизмге дейін пысықталған іс-қимылдарының арқасында 85 адам, оның ішінде 59 тәрбиеленуші мен 26 қызметкер ғимараттан аман-есен эвакуацияланды.
Өткізілген жаттығу МДҰ аумағында бөгде заттың табылуына байланысты барлық персонал мен тәрбиеленушілердің ТЖ-дағы іс-әрекеттер бойынша практикалық дағдыларын жетілдіруге ықпал етті. Барлық қызметкерлер МДҰ ғимаратынан тәрбиеленушілерді эвакуациялау кезінде өздеріне жүктелген міндеттерді нақты орындады.
http://arman-zhez.1-bilim.kz/auipsizdik/595-terrorizmge-arsy-auipsizdik-bojynsha-zhatty-u.html#sigProId4f9d3c2f01