oC

2019 жылдың қараша айының 11-15 аралығында  КМҚК №11 «Арман» бөбекжайында «Менің көшем» тақырыбында балалар мен ата-аналардың қатысуымен, балалардың қоршаған ортаға, үйіне, туған өлкеге қамқорлықпен қарауға және ұқыпты болуға жетелеу мақсатында сурет байқау өтті. Байқауға бөбекжай ішінде 5 топ қатысты.

Сурет байқауына барлық топ ата-аналары белсенді атсалысты. Қатысқан 5 топқа номинациялар берілді. «Қарлығаш» тобы «За проявленное творчество, фантазию мастерство» номинациясымен, «Қызғалдақ» тобы  «Оригинальное исполнение и творческий подход» номинациясымен, «Айналайын» тобы «Лучшие стихотворное сопровождение» номинациясымен, «Жұлдыз» тобы «Лучшие тематическое раскрытие темы» номинациясымен, «Қызыл телпек» тобы «Лучшие художественное исполнение» номинациясымен  марапатталды.

Атқарылған жұмыстардың ішінде бөбекжай тәрбиеленушілері Тлеубаева Малика мен Тлеубаев Дамирдың ата-анасымен бірлесе салған суреті ерекше көзге тусіп, анасына алғыс хат табысталды.