КМҚК № 11 «Арман» бөбекжайында 22-қазан күні ересек «Қызғалдақ» тобында топ тәрбиешісі Карымханова Қ.Н., ән-күй жетекшісі Бородина Л.В. дайындауымен және де ертеңгілік кейіпкерлері «Алтын күз ханшайымы» рөліндегі Мәменова М.Ш., «Шыбынжұт» рөліндегі Умиртаева Д.А. қатысуымен «Сиқырлы күз» атты ертеңгілік өтті.
Адемі басталған мерекеге «Алтын күз ханшайымы» келіп, балалармен «Жапырақтар» биін билеп, кешті одан сайын көріктендірді. Алтын күз мерекесі болып жатқанын естіп, қонаққа «Шыбынжұт» та келді. Ол балалармен «Күн мен жаңбыр» ойынын ойнады. Келген қонақтарға бүлдіршіндер ән мен өлеңдерін арнады. «Күз ханшайымы» бүлдіршіндерімізге арнайы ала келген сыйымен қуантты.
Осылайша, әдемі безендірілген кеште ерекше көңіл –күй мен достық қарым – қатынас орнады.
http://arman-zhez.1-bilim.kz/bizdi-zh-mys-k-nderi/138-si-yrly-k-z-erte-giligi.html#sigProId1cdd81a4a2