24.11.2020 жылы «Балапан» ортаңғы тобының тәрбиешісі Ахметова Лиана Фанисовна «Таным» білім беру саласының, «Математика негіздері» бөлімінде ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді. Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің тақыры: «Алдында –артында, үстінде-астында». Балалар ұйымдастырылған оқу қызметіне белсене қатысып, тапсырмаларды жан-жақты орындады. Тәрбиеші Ахметова Лиана Фанисовна алдына қойған мақсатына жетіп, әдістемелік тұрғыда оқу қызметін дұрыс өткізді.