Қараша айының 20-сы күні кіші «Қарлығаш» тобының тәрбиешісі Көпбаева Гүлзада Жұмабайқызы ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді. «Қатынас» білім беру саласы, бөлімі «Сөйлеу дамыту» тақырыбы «Жемістер». Жас ерекшелігіне сай кіші топ тәрбиеленушілері берілген тапсырмаларды жете ұға алды. Балалар ұйымдастырылған оқу қызметіне белсене қатысып, тапсырмаларды жан-жақты орындады. Тәрбиеші алдына қойған мақсатына жетіп, әдістемелік тұрғыда оқу қызметін дұрыс өткізді.