oC

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

 

КМҚК №11 «Арман» бөбекжайында 2020 жылдың 15- желтоқсанында ересек "Айналайын" тобында музыка жетекшісі Бородина Л.В. және қазақ тілі мұғалімі Жанулова Г. Ж.,ересек «Айналайын» тобының тәрбиешісі Хасанова С.Н. жетекшілігімен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

Мереке ҚР Әнұраны  мен  Мемлекеттік рәміздер,Отан,тәуелсіз Қазақстан  туралы өлеңдерді орындаудан басталды. Балаларға қонаққа сиқырлы шамның иесі Джин келді. Мерекеде ән де, би де орындалып, сиқырлы шамның иесі балалармен  ұлттық ойындар  ойнап, барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара жоғарғы деңгейде өтті.