2021 жылдың 24 желтоқсанында “Балапан” кіші тобында “Қош келдің, Жаңа жыл” атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Балаларды жасыл шыршамен таныстырып,жаңа ән айтқызу. Балаларды жасыл шыршадан шеңберде айналтып жүргізу, еркін би билету. Қыс ерекшелігімен таныстырып, мерекені есте қалатындай етіп көңілді өткізу.
Мерекелік іс-шара барысында балалар шыршаны айналып «Аппақ-аппақ» әнін айтты. Қарша қызбен бірге ойын ойнады. Аяз-ата мен ақшақарға өнерлерін көрсетті. Қыздарымыз қарша қыз биін, ал ұлдарымыз қоян биін биледі, тақпақ айтты. “Жыл басына таласқан хайуанаттар” атты ертегі театр қойылымын тамашалады.
Тәрбиешілер: Балтабаева А. Б, Достаева Н. Ж