oC

2021жылдың 28 желтоқсанында  "Қызғалдақ " ересек тобында  "Қош келдің, Жаңа жыл" атты ертеңгілік  іс -шара өткізілді.

 Барыс жылына арналған бұл ертеңгілікке өздерінің толағай  сыйлықтарымен  Аяз ата мен Ақшақар қонақ болды. Ертегілердегі Мыстан кемпір балалардың жаңа жылдық шырша тойын әдеттегідей шырқын бұзғысы келіп еді, бәрі бір балалардың ғажайыптарға деген сенімімен оны ісі іске аспады. Балалар өздерінің өнерлерін  әсем әндері мен билері мен таңқалдырды.

Қуанышқа толы бұл ертеңгіліктін әсері қонақтарды да бей жай қалдырмады. Қонақтар дән риза болып ақ тілекті жаудырып үйлеріне тарады. Мерекенің балаларға берер қызғы мол. Болашағы жарқын 2022 Барыс жылына  баршанызға бақыт, толағай табыс тілейміз!!

Тәрбиешілер: Мәменова М.Ш., Қарымханова Қ.Н.