25.05.2022 жылы КМҚК "Арман" бөбекжайынның "Қызғалдақ" ересек тобында " Қош бол , балабақша!" атты ертеңгілік өтті. Ертеңгілікте бүлдіршіндер әндерін айтып, өнерлерін ортаға салды. Мерекеге "Бестік" пен "Екілік" қонаққа келіп балаларға таңғажайып ертегі сыйлады.Балалар балабақша туралы тақпақ, ән айтып, көңілді билер биледі."Екілік" тің тапсырмаларын орындап мектепке жолдама алды.Ұжым қызметкерлеріне ата аналар да өз алғыстарын айтты. Белсенді ата аналар алғыс хатпен мараппатталды. Балалықты бақшада қалдырып үлкен мектеп есігін ашты. Келешекке қадам басқан ертеңгі еліміздің бүлдіршіндерін жақсы ізгі тілектермен шығарып салдық.
http://arman-zhez.1-bilim.kz/bizdi-zh-mys-k-nderi/563-osh-bol-balaba-sha-2.html#sigProId8880913965