2019 жылдың 19 наурыз айында №11«Арман» бөбекжайында «Төрлет, әз Наурыз!» атты ертеңгілік өтті.
Ертеңгіліктің мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.
Ертеңгілік жаксы деңгейде өтті. Қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық ойындарын жаңғыртып, «Тұсау кесер» рәсімі мен «Асық ату», «Қыз қуу» ойындары ойнатылды.
Қыдыр ата мен ақ жаулықты әжейден бата алып, наурызды думанға қонақ болып келген хан және қазақтың үш биінің, Алдар көсенің қатысуымен ертеңгілігіміз қызықты өтті.
Балалар наурыз мейрамына арналған тақпақтар айтып, әсем ән шырқалды!
http://arman-zhez.1-bilim.kz/bizdi-zh-mys-k-nderi/60-85421.html#sigProId8dccb8a3f9