oC

2019 жылдың 20 наурыз айында  №11 «Арман» бөбекжайы ортаңғы «Балапан» тобында «Қош келдің, Әз Наурыз» атты шағын мерекелік көңіл көтеру сағаты өтті.


Мақсаты: Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын сәбилер санасына жеткізу. Наурыздың  22 - де күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратыңдығын айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесі туралы түсіндіріп, Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін таныстырды. Ұлттық салт - дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу.

Балалар Наурыз туралы тақпақтарын және билерін билеп,  ұлттық «Арқан тарту » ойыны ойналды. Ұлыстың ұлы күні  тобымыздың кішкентай ақындары Нұрмұхаммед пен Жәния ақындық өнерлерін көрсетіп айтысты. Мерекемізге Қыдыр ата, әже тұсау кестіртуге жас анамызда қонаққа келді. Ата - аналармен  ойында ойналды. Ақ жол төселіп әжеміз ала жібімен бүлдіршіннің аяғынан байлап тұсауын кесті. Шашуымызды шашып баламызға қадам бастырттық. Әр жыл сайын осыңдай  Ұлыстын Ұлы күні Наурыз мейрамымыз тойлана берсін. Балалар өз өнерлерін көрсетіп ұлттық салт-дәстүрлерімізді бойларына сіңдіре берсін.