oC

15.03.2023 жылы "Қарлығаш" кіші тобының Наурыз мерекесіне орай "Қош келдің, Наурыз!" ертеңгілігі өтілді. Мақсаты: "Наурыз" мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. "Наурыз" әуенімен балалар залға кірді, төрде әже күтіп алды. Әжемен балалар "Ханталапай" ойының ойнады. Сонымен қоса "Наурыз келді алақай" әнін айтып, биледі. "Бесікке салу-Аластау" салт-дәстүріміз көрсетілді.