oC

2019 жылдың 19-сәуір күні Жезқазған қаласы, №11 «Арман» бөбекжайында, «Сырттай балабақша» жобасы бойынша бөбекжай директоры Исина Амангуль Тамабаевнаның басшылығымен «Ерте жастағы балаларды дамыту ойындары» атты қалалық семинар өткізілді.


Семинар теңіз саяхаты түрінде өтті, онда бүлдіршіндеріміз бен ата-аналар капитанмен бірге кемеге мініп, аралдарға саяхатқа аттанды.


Семинар бөбекжай директоры А.Т. Исинаның алғы сөз сөйлеуімен ашылып, бөбекжай әдіскері Алиакпарова Ф.М. дайындаған презентациямен жалғасты. Теңіз тақырыбында дайындалған семинарда барлығы 5 арал болды. Кеме капитаны тәрбиеші Хасанова С.Н. бастаған топ балалар мен ата-аналарды аралдарға саяхатқа алып барды. Әр аралдың иелері қарсы алып, олармен түрлі дамыту ойындарын ойнады.


1-ші арал «Дамыту аралы» деп аталды. Ол аралдың басты кейіпкері логопед Ж.Жандыққызы  «Тасбақа- Тартилла» кейпінде балалар мен ата-аналарды қарсы алып, олармен үй тұрмысындағы заттармен ойындар ойнады.


2-ші арал «Познавайка» аралында тәрбиеші Еденбаева Л.З. үкі кейпінде балаларды қарсы алып, дидактикалық ойындар ойнады.


3-ші арал «Остров пиратов» деп аталды және де ол аралдың иесі тәрбиеші Оспанова Н.М.  сол аралдың қарақшысы болып балалармен музыкалық жаттығулар жасады.


4-ші арал «Роббо» аралы деп аталды, ол аралда тәрбиеші Ахметова Г.В робот Робикс есімімен және тәрбиеші Кудряй И.П  Легоша есімді робот кейпінде балалармен түрлі дамыту ойындарын ойнады.


5-ші арал «Зазеркалье» деп аталып, ол аралдың иесі психолог  Шмидт Е.Ю. Алиса есімді кейіпкер ретінде балалар мен ата-аналарды қарсы алып, түрлі ойындар ойнатып, мастер-класс өткізді.


Бүлдіршіндер мен ата-аналар белсенді  қатысып, қызығушылық танытты. Семинардың мақсаты дамыту ойындары арқылы мектепке дейінгі ерте жастағы балалардың ақыл-ой, жеке қабілеттерін  дамыту болды және де сол мақсатқа толық жете білді. «Жұмыла көтерген жүк» жеңіл демекші, семинарға бөбекжай ұжымының барлығы бір кісідей ат салысып, соңында өте жақсы нәтиже көрсете білді.


Семинарға қонақ ретінде қалалық ББ әдіскері Демесинова Ж.С. және қала бөбекжайларының  әдіскерлері  мен тәрбиешілері қатысты. Семинар соңында қорытындылау сөзі қалалық  ББ әдіскері Демесинова Ж.С беріліп, семинар өте жоғары деңгейде өтті деген баға берілді.


Келген қонақтар мен ата-аналар тарапынан айтылған  жылы лебіздерді естіп, бөбекжай ұжымының күш-жігері, ынтасы одан сайын нығая түскені сөзсіз.