oC

2019 жылдың 8 мамыр күні № 11 «Арман» бөбекжайынының ересектер «Қызғалдақ» тобында Жеңіс күніне орай, балалардың патриоттық сезімін тәрбиелей отырып, Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Болмасын соғыс!» атты мерекелік ертеңгілік өтті.

 

Мерекелік ертеңгілікте балалар мәнерлеп соғыс, бейбітшілік жайлы тақпақтармен қатар «Жойылсын мәңгілік соғыс деген!», «Туған жердей жер болмас!».  «Әрқашан күн сөнбесін!» әндерін тамылжыта орындады.

 

Топтың биші қыздары  бейбіт күн айдынының символына айналған «Аққу» биін биледі.

 

Ертеңгілікті тәрбиеші  Қ.Н. Карымханова дайындап өткізді.

 

Ертеңгілік «Болмасын соғыс! Жасасын бейбітшілік!» сөзімен  аяқталды. Балалар мен ата аналарға ертеңгілік ерекше әсер берді.