04.11.2023ж "Қызғалдақ" әртүрлі жастағы балалар тобында "Алтын күз" атты ертеңгілігі болып өтті. Балалар және ертегі кейіпкерлері (қоян, тышқан, түлкі) ертеңгілікке сай киінген. Балалар алтын күзге арналған тақпақтарын,"Алтын күз","Күз,күз"әнін орындады. Қонаққа алмасын жоғалтқан "Кірпі" кірді. Ұлдар кірпіге арнап "Саңырауқұлақтар" биін тарту етті. Күз мезгіліне байланысты сұрақ-жауап жүргізілді."Күз ханшайымы" қонаққа келді. Балаларға акелген "көкөністер мен жемістерді дәміне қарай ажырат" ойынын ойнатты.Балалар көкөністер мен жемістерге байланысты такпақтарын айтты.Қыздарымыз "Қолшатыр"биін биледі."Күз ханшаймы"ата-аналармен де "Жаңбыр тамшылары"деген қызықты ойын ойнатып,ата-аналарға күздік өнімді тарту етті .Қыздарымыз "Күзгі сән үлгісіне"дайындаған киімдерін киіп сән көрсетті.Ертеңгілік соңында "Күз ханшайымы"балаларға акелген сыйын тарту етті. Бөбекжай меңгерушісі"Күзгі бақ ғажайыптары"атты қол еңбектерін бағалап грамота және "Күздік сән үлгісіне" қатысқан қыздарды номинациямен марапаттады.
Тәрбиеші:Нұралы Б.С
Музыка жетекшісі:Борадина Л.В.
Хореограф:Смағамбетова К.Ш.
http://arman-zhez.1-bilim.kz/bizdi-zh-mys-k-nderi/779-04-11-2023zh-yz-alda-rt-rli-zhasta-y-balalar-tobynda-altyn-k-z-atty-erte-giligi-bolyp-tti.html#sigProId952d0e3e7e