2019 жылдың 6 мамыр күні Жезқазған қаласының КМҚК № 11 «Арман» бөбекжайында Отан қорғаушылар күніне орай «Спорт сенің серігің!» атты эстафеталық жарыс өткізілді.
Жарысқа ұжымнан екі, яғни «Достар», «Самға» командалары қатысты. Басты мақсаты: Эстафеталық ойын арқылы ұжымда ынтымақты болуға ынталандыру, сонымен қатар ағзаны шынықтыру.
Жарыстың негізгі бөлімінде екі команда да дайындық жаттығуларын жасады.
Негізгі бөлімінде:
- Эстафеталық таяқшамен жүгіру
- Шегірке (қос аяқпен секіру )
- Секіртпе жіппен секіру
- Доп ұру
- Кім жылдам?
- Секір де, жүгіре жөнел!
- Тепе теңдікті сақтау
Жарысты №11 «Арман» бөбекжайның кәсіподақ төрайымы Қ.Н. Карымханова ұйымдастырып, ал дене шынықтыру нұсқаушысы Қ.Н. Алькебаев өткізді. Жарыс ойын жоғары деңгейде өтті, командалар марапатталып, бөбекжай ұжымы бір серпіліп қалды.
http://arman-zhez.1-bilim.kz/bizdi-zh-mys-k-nderi/78-sport-seni-serigi-atty-estafetaly-zharys.html#sigProId9a53b5b0d0