2019 жылдың 22-мамырда №11 «Арман» бөбекжайының логопед маманы «Қызғалдақ» ересектер тобы балаларымен қорытынды сабақ өткізді. Сабақ барысында жыл бойы балалардың тіліндегі кемістіктерін түзету, соның ішінде бала тілінде Р дыбысын қою, оны автоматтандыру және дифференциалдау бойынша жүргізілген түрлі әдіс-тәсілдерді көрсетті. Атап айтсақ Р дыбысын қою үшін ықпал ететін артикуляциялық жаттығулар, бағытталған ауа ағынын қалыптастыруға арналған жаттығулар, логопедиялық зондтар көмегімен уқалау, балалардың сөздік қорын кеңейту, Р дыбысы бар сөздерді тілде дұрыс қолдану бойынша балалардың қызығушылығын арттыратын әр түрлі ойын түрлері қолданылды. Сабақ қорытындысында балалар тілдеріндегі Р дыбысын дұрыс дыбыстай білетінін, оны өз тілдерінде еркін қолдана білетінін шағын тақпақтар, логоритмикалық жаттығулар, суретке қарап әңгімелеу арқылы дәлелдеді.
http://arman-zhez.1-bilim.kz/bizdi-zh-mys-k-nderi/87-yz-alda-eresekter-toby-balalarymen-orytyndy-saba-tkizdi.html#sigProIdd1d3e34cc2