oC

2019 жылдың  31 мамыр айында №11 «Арман» бөбекжайында Балаларды қорғау күніне арналған «Біз бақытты балдырған» атты мерекелік іс шара өтті.


Бүгінгі мерекеге қонаққа ертегілер әлемінен Қуыршақ Фея, Сайқымазақ, Ит, Қоян келді.  Олар өздерімен бірге қызықты ойындарын ала келді. Балалар өте жақсы көңіл күймен қарсы алды. Мерекеге әр топтың бүлдіршіндері өз дайындаған нөмерларын көрсетті. Топтық ойындар, эстафеталық ойындар ойнатылды. Балаларға тәттілер үйлестірілді.


Бүлдіршірдерімізге балабақша басшысы Исина Амангуль Тамабаевна да өз жылы лебізін білдірді. Бүгінгі мерекеге балаларға арнап балабақшамызда  банан мен балмұздақ таратылып берілді. Мерекелік іс шарамыз өте қызықты өтті.

Баршамызды бала тілімен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын.
Ата-ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе?, бал бұлақтан жалғайтын.
Сүп-сүйкімді періштелер сендерсіңдер,
Қандай бейне өздеріңе тең келетін.
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерген.

Балаларымыздың жүзінен күлкі кетпесін,әрқашан бақытты болсын.