oC

2019 жылдың 25 қыркүйек күні  Тілдер мерекесіне  орай  № 11 «Арман» бөбекжайында  ересек топтардың қатысуымен ертеңгілік өтті. Ертеңгілікке жауапты болып қазақ тілі мұғалімі Г.Ж.Жанулова тағайындалып, ертеңгілікті өткізді.

Мақсаты: балалардың елге, тілге деген сүйіспеншілігін, сыйластық сезімін сақтап, мемлекеттік рәміздердің бірі ретінде құрметпен қарауға тәрбиелеу.Өз ана тілін жоғары ұстауға баулу.

Тіл мерекесіне арнайы дайындалған мереке  балалардың белсенді қатысуымен жақсы деңгейде өтті. Тіл жайлы ән де айтылып,өлең де оқылды. Қазақ  ұлтының  биімен қатар, өзге ұлт өкілдерінің биі биленді. Кеш қонағы болып, Германия өкілі келді. Ол балалардың өнерін тамашалап,білімдерін тексеру мақсатында ойын ойнады. Балалар  білім дәрежелерін жоғары деңгейде көрсете білді. Ертеңгілік бүлдіршіндердің Отан жайлы айтылған хорымен аяқталды.

 

.