2019 жылдың 12 желтоқсан күні бөбекжайымызда ересек «Қызыл телпек» топ тәрбиеленушілерімен тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік –ел тірегі» тақырыбында мерекелік іс-шара болып өтті. Тәуелсіздік алғанымызға 28 жыл болды.
Тәуелсіздік –жалынды жастардың Отанға, елге, жерге деген шексіз сүйіспеншілігімен келген жеңістің жемісі. Іс-шараның мақсаты: бүлдіршіндерімізге тарихи оқығаның маңызын білуге, тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Туған ел, тәуелсіздік, Отан туралы тақпақтарды мәнерлеп, жатқа айтқыза отыра, еліне, Отанына, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттырып, елін сүюге тәрбиелеу. Іс-шараға барлық бүлдіршіндеріміз ұйымшылдықпен, белсене қатысты.
http://arman-zhez.1-bilim.kz/novosti-kz/120-t-uelsizdik-el-tiregi.html#sigProId0f1bceab87