oC

Қарағанды облысы  білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің  «Арман» бөбекжайында   2021 жылдың 3- ақпан күні қазақ тілі мұғалімі Г.Ж.Жанулованың жетекшілігімен ересек «Жұлдыз» тобында  «Жануарлар әлемі» тақырыбында ұйымдастырылған ашық оқу қызметі өтті.

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің мақсаты балалардың жануарлар туралы түсініктерін кеңейту олардың  түрлерін  бір - бірінен ажыратуға үйрету. Балалардың жануарларға  деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, оларға қамқорлықпен қарауға, табиғатты аялай білуге  тәрбиелеу.

Балалар берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, белсенді қатысты.Тақтамен жұмыс істеу арқылы  балалар жануарлар  әлемімен танысып, олардың «үй жануарлары» және «жабайы жануарлар»  болып екіге бөлінетінін біліп,ажыратуды үйренді.