oC

25.02.2021 жылы «Арман» бөбекжайында ересек тобының тәрбиешісі Қарымханова Қарлығаш Нағашбековна «Сиқырлы математика» атты «Жұлдыз» тобында  ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді. Ұйымдастырылған оқу қызметі әдістемелік тұрғыда дұрыс өтті.  Тәрбиеленушілер берілген тапсырмаларды жақсы орындап, жан-жақты оқу қызметіне қатысып отырды. Ұйымдастырылған оқу қызметіне көмекші болып «Дымбідлмес» кірді, ол балаларға қате тапсырмалар айтып шатастыруға тырысты. Бірақ, балалар жаңылмай жауап беріп, тапсырмаларды дұрыс орындады.  Қарлығаш Нағашбековна тәрбиеленушілерінің білімін пысықтап,  ұйымдастырылған оқу қызметін өте жақсы деңгейде өткізді.