oC

2021жылдың 26 ақпанында Қарағанды облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің КМҚК «Арман» бөбекжайында «Особые дети-особый подход» атты семинар-практикумы өтті. Аталмыш семинарды ұйымдастырғандар: әдіскер-А.А.Ултыкеева, педагог-психолог-А.Ж.Мизамбаева, дефектолог-А.С. Турысбекова.

 

Мақсаты: педагогтар мен тәрбиешілердің ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс барысында психологиялық тұрғыда дайын болуын қалыптастыру және де психологиялық кедергілерден жеңіл өтуге көмек беру.

 

Әдіскер- А.А. Ултыкеева семинарға қатысушыларға инклюзивті білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарда жүзеге асырудың жағымды жақтарымен таныстырды.

 

Педагог-психолог –А.Ж. Мизамбаева «Тілектер шамы» тренингін және «Ережелер, талаптар тізімі» жаттығуын ұсынды.

 

Дефектолог- А.С.Тұрысбекова семинардың практикалық жағын өткізді. Ол педагогтарға ұсақ маториканы дамыту үшін жаттығуларды орындатты «Эстафета», «Резинка» т.с.с.

 

Семинар-практикумның қорытынды бөлімін бөбекжайымыздың директоры     Исина Амангуль Тамабаевна өз сөзімен аяқтады. Директорымыз барлық педагогтарға одан әрі қарай жұмыстарының жемісін көруге тілектес болды.