oC

Наурыз айының 3 күні «Қарлығаш» кіші тобы  8 – наурыз мерекесіне орай «Орманда кім тұрады?» атты іс-шара өткізді. Іс-шара балабақшадан орманға саяхатқа барудан басталады. «Сылдырмақ», «Бақа – бақа», «Балапан» билерін билейді. Балалар аналарына арнап өлең шумақтары мен «Нұрын төккен» әнін шырқады. Мерекеде тосын сыйға балалар сыйқырлы гүл шуақтарын алып іс – шара көңілді өтті.