Құрметті, «Арман» бөбекжайына сеніммен бүлдіршіндерін әкеліп тәрбие мен оқытуға жіберетін, біздің тәрбиеленушілеріміздің аналары мен әжелері!
8 Наурыз — халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтай отырып, шынайы көңілден шыққан ең ізгі тілектерімді жолдаймын. Көктемгі көңіл-күй, шаттық, жылулық пен шабыт тілеймін. Жүректеріңіз бақытқа толы болсын. Көктемгі мереке барлық ауыртпалықтарды артта қалдырып, керемет көңіл-күй сыйласын. Сіздерге шексіз сәттілік, мөлдір махаббат, зор денсаулық және сарқылмайтын күш-қуат тілеймін.
Ізгі тілекпен: Қарағанды облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің КМҚК «Арман» бөбекжайының» басшысы Исина Амангуль Тамабаевна
http://arman-zhez.1-bilim.kz/novosti-kz/340-basshy-tty-tauy.html#sigProId7d4b31fd53