2021 жылдың 11 маусымында КМҚК «Арман» бөбекжайында» «Қауіпсіз бала-ортақ міндет» атты ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста әдіскер Айгерим Ултыкеева ата-аналарға жазғы сауықтыру кезеңінде мектеп жасына дейінгі балалардың қауіпсіздігі туралы түсіндірме жұмысын жүргізді. Үйде, аулада, су объектілерінің жанында, қиылыстарда, жолдарда балалардың өзін өзі ұстау қауіпсіз ережелерімен таныстырды. Сонымен қатар ересек топтың тәрбиешісі С.Н. Хасанова ата-аналарға балалардың күнделікті өмірде, табиғатта, көшеде, жолда, адам қоғамында қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыру қажеттігін ескертті. Ата-аналарға видео және балалар қауіпсіздігі туралы жадынамалар ұсынылды.
http://arman-zhez.1-bilim.kz/novosti-kz/471-auipsiz-bala-orta-mindet.html#sigProIdeddb3b9714